Placeholder
Kremlin.ru via REUTERS
Әлем8 мамыр 2024, 3:39

Кремльде Владимир Путинді ұлықтау рәсімі өтті

Кремльде Владимир Путинді ұлықтау рәсімі өтті. Ол Ресей президенті ретінде бесінші рет қызметке кірісіп, 2030 жылға дейін билікте қалады, - деп хабарлайды Arbat.media

Путин Ресейді ширек ғасырға жуық уақыттан бері басқарып келеді, бұл Сталиннен кейінгі ең ұзақ отырған мемлекет басшысы болды.

Инаугурациялық сөзінде Путин Украинаға қарсы соғысқа қатысушыларды билікке көтеруге уәде берді.

Еуроодақ елдерінің көпшілігі, соның ішінде Германия да Мәскеудегі инаугурацияға ешкімді жібермеді.

Рәсімге ЕО елдерінің өкілдерінің қатарында Францияның, Венгрияның және Словакияның елшілері қатысты.

Ресей Владимир Путин инаугурация

Тақырыпқа жаңалықтар