Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Әлем13 ақпан 2024, 18:23

Крандағы ауыр бағана жұмысшылардың үстіне құлап, азаматтарды періштесі қақты

Ресейде құрылыс алаңында краннан көп тонналық болат бағана жұмысшылардың үстіне құлап, ешкім зардап шекпеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жұмысшылар бұл кезде жүк көліктің кузовында отырған екен. Бағана тура солардың үстіне гүрс етіп құлаған.

Бағы бар екен. Өйткені бағана кабинаға ілініп қалып, бірер секунд қисалаңдап қалған. Сол мезетте жұмысшылар көз ілеспес жылдамдықпен секіріп үлгерген.

Бірнеше тонналық бағана ақыры жерге гүрс етіп түскенде, оның ауырлығы соншалық, жұмысшылардың бірі аспанға ұшып түскен.

Абырой болғанда ешкімге зақым келмеді.

Ресей Кран Оқыс оқиға жұмысшылар

Тақырыпқа жаңалықтар