Placeholder
ФОТО: BILD
Әлем19 ақпан 2024, 11:34

Кітапханалардан көне орыс кітаптары жаппай ұрлана бастаған

2022 жылдың көктемінен бастап еуропалық кітапханалардан орыс жазушыларының көне кітаптары ұйымдасқан түрде ұрлана бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алдымен Балтық елдері мен Польшада, кейін Швейцарияда, Францияда және Бельгияда орысша кітаптар жоғала бастады.

2023 жылдың соңында ұрлыққа қатысы бар деген екі Грузия азаматы ұсталды.

Енді бұл ұрлық Германияға да жетті. Берлин мемлекеттік кітапханасы қаңтар айында бес кітаптың ұрланғанын хабарлады - Пушкиннің үш томдығы кіреді: «Братья разбойники» (1827), «Борис Годунов» (1831) и «Кавказский пленник» (1828). 

BILD сауалына ітаптар тар антиквариат нарығындағы бағасы 100 000 еуродан асады деп жауап берді.

Бавария мемлекеттік кітапханасы BILD басылымына ол жерден орыс тіліндегі екі кітаптың ұрланғанын хабарлады.

Осындай қылмыс Саксонияда да жасалған.

BILD шолушысы Диана Кассаль жазғандай, ұрлықшылар әрекеті «Голливуд фильмін еске түсіреді»: олар жалған төлқұжат пайдаланады, 19-ғасырдағы орыс әдебиетін зерттеуші ретінде көрінеді және көне кітаптың әрбір бетін мұқият сканерлейді. Содан кейін олар тамаша көшірме жасап, оны кітапханаға өткізеді де, түпнұсқасын өзіне алады.

Неміс полициясы BILD басылымына Европол арқылы кітап ұрлығына қатысты бірлескен жалпыеуропалық тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Осы уақытқа дейін белгілі болғаны, ең ірі ұрлық Варшавада - 1 миллион еуро тұратын 78 кітап ұрланған.

«Өкінішке қарай, ұрланған шығармалардың арасында Пушкиннің, Лермонтовтың, Гогольдің, Радищевтің, сондай-ақ Шевченконың көптеген алғашқы басылымы бар», - деді Варшава университетінің профессоры Иероном Грала BILD басылымына.

Ол бұл Ресей билігінің арнайы операциясы екеніне сенімді, өйткені өте мұқият ұйымдастырылған, Украинадағы соғыспен бір мезгілде басталып, ең алдымен Мәскеу орыс тіліне қарсы күресті деп айыптайтын Балтық жағалауы елдеріне де ұрлықшыларын жіберген.

Профессор Варшава университетінің мөрі басылған ұқсас кітаптарды ресейлік Litfond аукцион үйінің каталогынан тауып алған. Лоттардың бірі 12 миллион рубльге сатылған екен.

орысша кітаптар орыс классиктері әлем кітапханалары ұрлық

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар