Placeholder
ФОТО: BILD
Әлем20 ақпан 2024, 12:34

Израильге жасалған шабуылға БҰҰ қызметкері қатысқан

Өткен жылдың 7 қазанында Израильге жасалған шабуылға БҰҰ қызметкері қатысқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

7 қазанда Хамас шабуылына ұшыраған Беериде түсірілген видеода екі ер адамның жол талғамайтын көлікпен келе жатқаны және көліктен түсіп жатқаны көрсетілген. Содан кейін олар көшеде заттарының арасында жатқан өлген адамның денесінің қасына тақап келеді. Жерде жатқан өлген аламның қалтасын тінтіп, содан кейін мәйітті көтеріп алып көліктің жүксалғышына тастайды.

Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл адамдардың бірі - Фейсал Али Мусалем Аль Наами. Ол Газадағы Біріккен ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету агенттігінде жұмыс істейді.

Бұл ақпаратты америкалық The Washington Post басылымы да растап отыр.

          ФОТО: BILD

Израиль Шабуыл БҰҰ қызметкері

Тақырыпқа жаңалықтар