Placeholder
ФОТО: aa.com.tr/ru
Әлем8 мамыр 2024, 15:00

Израиль Рафах қаласына әуеден соққы берді

Израиль Рафах қаласына әуеден соққы берді. Бұған дейін үкімет Хамастың Газа секторында атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамаған. Израиль әскерилері 6 мамыр күні кешке Газа секторындағы исламшыл радикалдық қозғалыстың соңғы тірегі саналатын қала - Рафахтың шығыс бөлігіндегі Хамас лаңкестік нысандарына нысаналы соққы жасап жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, Израиль шамамен жарты сағат бойы үздіксіз соққы берді.

Бұған дейін Израиль Рафах тұрғындарын эвакуациялай бастады, оларды палестиналықтарды «сумен, азық-түлікпен, медициналық құрал-жабдықтармен және баспанамен қамтамасыз ететін» «кеңейтілген гуманитарлық аймаққа» көшуге шақырды.

Мамырдың 6-сы күні кешке Хамас Газа секторында мысырлық-катардың атысты тоқтату туралы ұсынысына келісті, бірақ Израиль үкіметі бұл ұсыныс оның талаптарына сай емес деп мәлімдеді.

Алайда Израиль атысты тоқтату келіссөздерін жалғастыру үшін Каирге делегация жібереді.

Израиль Рафах әуеден соққы

Тақырыпқа жаңалықтар