Placeholder
Фото: Ohad Zwigenberg/AP/picture alliance
Әлем25 қаңтар 2024, 3:49

Израиль мен Хамас бір айға атысты тоқтатуға келісті

Израиль билігі мен Хамас лаңкестік тобы Газа секторында 30 күнге атысты тоқтату, палестиналық тұтқындар мен израильдік кепілге алынғандарды босату туралы принципті келісімге келді, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Келісімге Катар, АҚШ және Мысырдың арағайындығымен жүргізілген қарқынды келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілді.

"Рейтер" агенттігі бірнеше дереккөзге сілтеме жасай отырып, Израильдің Газа секторындағы әскери операциясын түпкілікті аяқтау шарттарына қатысты келіспеушіліктерге байланысты жаңа бітімнің орындалуы кейінге шегеріліп отыр деп жазады.

Израиль мен Хамас бір ай Атыс тоқтату

Тақырыпқа жаңалықтар