Placeholder
ФОТО: Evan Vucci / AP
Әлем23 ақпан 2024, 14:34

"Иттің баласы". Байден Путинге ашуланып, Навальный туралы айтқан сөзі үшін Трампты сынады

АҚШ президенті Джо Байден Владимир Путинді «иттің баласы» деп атап, Дональд Трампты Навальный туралы айтқан сөздері үшін сынады, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Бізде ақымақ иттің баласы Путин және басқалар бар. Біз ядролық қақтығысқа үнемі алаңдаймыз. Бірақ адамзатқа экзистенциалды қауіп - климат", - деді АҚШ президенті Джо Байден Сан-Францискодағы сайлауалды науқанында.

Байден өз сөзінде S.O.B аббревиатурасын, son of a bitch сөзін қолданды, яғни "иттің баласы" деген сөзді, деп жазады CNN.

АҚШ президенті сонымен қатар қарсыласы Дональд Трампты заңмен байланысты проблемаларын ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың өлімімен салыстырған пікірлері үшін сынға алды.

"Ол өзін Навальныймен салыстырып, Навальный сияқты қуғынға ұшырап жатқанын айтады, өйткені біздің ел коммунистік елге айналыпты. Шайтан алғыр, оны қайдан шығарып алып жүр", - деді Байден.

Байден мен басқа Батыс көшбасшыларынан айырмашылығы, Трамп әлі күнге дейін Ресей мен Путинді Навальныйдың өлімі үшін айыптаған жоқ, деп жазады CNN.

иттің баласы Байден Путин трамп

Тақырыпқа жаңалықтар