Placeholder
ФОТО: BILD
Әлем5 ақпан 2024, 13:00

Ирандағы режим ұнатпайтын адамдарды көзінен атқан

Ирандағы қауіпсіздік күштері демонстранттардың арасынан режим ұнатпайтын адамдарды «белгілеп», әдейілеп өзінен атып тастаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Наразылық акцияларына қатысқаннан кейін Ираннан кетуге мәжбүр болған Косар Эфтехари BILD-ке жантүршігерлік оқиғасын айтты.

Ол кезекті рет наразылық шарасында а болған кезде ирандық қауіпсіздік қызметкері оны атып құлатқан.  Содан кейін қызметкер қаруын оның бетіне қарай бағыттаған.

«Ол ыржиып күлді, содан кейін дәлдеп тұрып көзімді атты. Жанарымның тарс етіп жарылғанын анық естідім. Қатты ауырды. Қан жан-жаққа шашырады, көп қан кетті», - дейді ол.

Кем дегенде 5000 демонстранттың көзіне оқ тиіп "таңбаланған".

Жеке клиникадағы дәрігерлерге көзі зақымданған науқастарды емдеуге тыйым салған.

Зардап шеккендер жасырынған немесе мемлекеттік клиникада емделгеннен кейін, оларды қамауға алған.

«Бәрін тастап кетуге мәжбүр болдым. Ата-анам, төрт бауырым елде қалды», – дейді Қосар елден қашқаны туралы.

Қыздың анасы телефон арқылы қызын мақтан тұтатынын айтады, бірақ енді "бір-бірімізді ешқашан көрмейтін шығармыз" деп отыр.

          ФОТО: BILD

Иран Наразылық көзден ату

Тақырыпқа жаңалықтар