Placeholder
Фото: iStock/picturesd
Әлем31 қаңтар 2024, 14:00

Германияның шығысында Украина мен Грузиядан келген әйелдер төбелесті

Германияның шығысында Украина мен Грузиядан келген әйелдер төбелесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қақтығыс жексенбіге қараған түні Гера қаласында тұтанған.

Пәтерлердің бірінде Украина мен Грузиядан келген 30-40 жас аралығындағы бес адам демалып жатқан.

Олардың төртеуі - әйелдер. Белгісіз себептермен төбелес шығыпты. Көп ұзамай ол көшеге тарады.

Көршілері полиция шақырған. Төбелеске қатысушыларды ажырату үшін оқиға орнына бірнеше тәртіп сақшылары келген.

Үш әйел ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Біреуі полицияға қарсылық көрсетіп, қолына кісен салуға мәжбүр болды.

Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Германия әйелдер төбелесі украин Грузия

Тақырыпқа жаңалықтар