Placeholder
Фото: pixabay.com
Әлем15 ақпан 2024, 8:00

Германияда экс-прокурор өз ұлына сексуалдық зорлық жасаған

Германияда экс-прокурор өз баласына сексуалдық зорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ал айыпталушы өзінің айкезбе екенін айтып, қылмысты ұйқыда жүріп жасадым деп ақталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ерте зейнетке шыққан бұрынғы прокурор Филипп М., бір жыл алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, оның төрт айы өтелген болып саналады.

Айыптау қорытындысына сәйкес, М. 2019 жылдың наурыз айының соңында сегіз жасар ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.

Қылмыс түнде болған, ал келесі күні таңертең әйелі оған айып тағып жатқанда, айыпталушы бұл оқиғаны есіне түсіре алмаған. Әйелі онымен ажырасуға арыз берген.

М.-ға тағылған айып жария болған соң, ол полицияға берілді. Бірақ ол сол уақытта ұйықтап жатқандықтан қылмыс туралы білмеймін деп мәлімдеген.

Куә ретінде М.-мен 20 жыл бұрын студент кезінде қарым-қатынаста болған әйел шақырылды.

Оның айтуынша, айыпталушы бірнеше рет ұйықтап жатқанда жыныстық қатынасқа түскен.

          ФОТО: BILD 

Германия экс-прокурор педофил айкезбе

Тақырыпқа жаңалықтар