Placeholder
Philipp von Ditfurth/dpa/picture alliance
Әлем26 ақпан 2024, 9:00

«Германия аруы» байқауында Иран тумасы жеңіске жетті

«Германия аруы» байқауында Иран тумасы жеңіске жетті, 39 жастағы Апаме Шёнауэр – сәулетші және екі баланың анасы, ол алты жасынан бері Германияда тұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Байқауда Шенауэр миграциялық тамыры бар жас әйелдерге қолдау көрсетемін деп жиі айтқан болатын.

Байқауға қатысуға 15 000 әйел өтініш білдірген.

Финалда Шенауэр сегіз қарсыласын ұтып үлгерді.

2019 жылдан бастап байқаудың концепциясы өзгерді: енді сыртқы келбетіне емес, әйелдердің жеке қасиеттеріне және жауапкершілікті алуға дайындығына баса назар аударылады.

Жас шектеуі алынып тасталды, биылғы финалдың ең үлкен қатысушысы 42 жаста болды.

«Германия аруы» байқауының жеңімпазы Female Leader Award сыйлығын алады.

Оның ақшалай бөлігі 25 000 еуроны құрайды.

Германия аруы Иран тумасы Апаме Шёнауэр Female Leader Award

Тақырыпқа жаңалықтар