Placeholder
Фото: Vyacheslav Madiyevskyy/Ukrinform/abaca
Әлем19 наурыз 2024, 15:59

FT: ЕО Ресей мен Беларусьтен астық импортына баж салығын енгізбекші

ЕО Ресей мен Беларусьтен астық импортына баж салығын енгізуге дайындалуда. Жақын күндері Еуропалық комиссия Ресей мен Беларусь астығына тоннасына 95 еуро көлемінде баж салығын енгізеді деп күтілуде, деп жазады Financial Times ақпарат көздеріне сілтеме жасап, - деп хабарлайды Arbat.media.

Басылым атап өткендей, бұл шара Еуроодақтың кейбір мүше-мемлекеттерін, сондай-ақ Еуроодақтың экологиялық стандарттарына және Украинаның ауылшаруашылық өнімдерін ЕО елдеріне баж салығысыз импорттауға қарсы бірнеше ай қатарынан наразылық білдірген фермерлерді тыныштандыруға арналған.

Айта кетсек, бұған дейін Варшавадағы фермерлердің наразылық шерулері кезінде Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуроодақты Ресей мен Беларусь ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға толық тыйым салуға шақырған.

Ресей мен Беларусь астық импорты Еуроодақ баж салығы

Тақырыпқа жаңалықтар