Placeholder
Фото: SARAH MEYSSONNIER/AFP
Әлем29 ақпан 2024, 13:00

Франция Сыртқы істер министрлігі Украинаға әскери көмек көрсетудің жаңа түрін ұсынды

Франция сыртқы істер министрі Стефан Сежурне Батыс әскерлері Украина аумағында соғыс қимылдарынсыз «арнайы операцияларға» қатыса алады деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Франция СІМ басшысының айтуынша, батыстық әскерилер Украинада киберқорғаныс, қару-жарақ өндіру және миналардан тазартуды қамтамасыз ете алады.

«Кейбір жағдайларда мұндай әрекеттер Украина аумағында болуды талап етуі мүмкін, бірақ соғысқа қатысу шегін аттамай», - деп атап өтті Сежурне.

Министр, сондай-ақ, Ресейдің шабуылдары мен Еуропадағы тұрақсыздықты ескере отырып, «Украинаға қолдауды арттыру керек» екенін растады.

Еске салайық, бір күн бұрын Франция президенті Эммануэль Макрон Батыстың құрлық күштері Украинаға орналастырылуы мүмкін екенін жоққа шығармаған және бұл мәлімдеме Германиядағы саясаткерлердің қабылдамауына себеп болған еді.

Олаф Шольц «Украина аумағында Еуропа елдері немесе НАТО елдері жіберген әскерилер болмайды» деп баса айтты.

Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның Украинаға әскер жіберу жоспары жоқ екенін растады.

Стефан Сежурне Франция сыртқы істер министрі Батыс әскерлері Украина аумағы

Тақырыпқа жаңалықтар