Placeholder
Фото: Virginia Mayo/AP Photo
Әлем30 қаңтар 2024, 4:43

Еуроодақ Венгрия экономикасына қауіп төндірді

Financial Times жазуынша, Еуроодақ Венгрия экономикасына Киевке көмекке вето қойғаны үшін қауіп төндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Брюссель мен Будапешт арасындағы Еуроодақтың Украинаға 2027 жылға дейін 50 миллиард еуро көлеміндегі көмегін бөлуге қатысты дауда шиеленіс артып келеді, деп жазады британдық Financial Times басылымы.

Бұл мәліметтерге сәйкес, 1 ақпанда өтетін ЕО саммитінде Будапешт Украинаны қаржыландыруға вето қойған жағдайда ЕО билігі Венгрия экономикасының әлсіз тұстарына соққы беруге дайын.
 
Брюссель венгр валютасына нұқсан келтіріп, инвесторлардың сенімін жоғалтатуға дайын, егер Будапешт Киевке көмек көрсетуге қойған ветосын алып тастаудан бас тартса, онда «жұмыс орындары мен экономикалық өсуге» нұқсан келтіретін стратегия әзірледі, деп жазады FT ЕО-да әзірленген құжатқа сілтеме жасап.

Сонымен Еуропа Виктор Орбанға: «Шегіне жетті. Қатарымызға қосылатын кез келді. Сізде тапанша болса, бізде базука бар», - деп түсіндіреді Eurasia Group кеңес беру компаниясының ЕО бойынша басшысы Маджтаба Рахман.
 
Венгрияның ЕО істері жөніндегі министрі Янош Бока Будапешт ЕО билігі тарапынан ықтимал қаржылық қауіп туралы білмейтінін, бірақ оның елі «қысымға көнбейтінін» айтты.

Еуроодақ Венгрия экономикасы Қауіп Украинаға көмек

Тақырыпқа жаңалықтар