Placeholder
Фото: Ludovic Marin/AFP/Getty Images
Әлем2 ақпан 2024, 8:45

Еуроодақ Украинаға 50 миллиард еуро бөледі

Еуроодақ Украинаға 50 миллиард еуро бөледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің басшылары Украинаға 50 миллиард еуро көлемінде көмек көрсету туралы келісімге келді, деп хабарлады Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мұндай шешім 1 ақпан, бейсенбі күні Брюссельде өткен ЕО кеңесінің кезектен тыс отырысында қабылданды.

«ЕО Украинаны қолдауда көшбасшылық пен жауапкершілікті өз мойнына алады; біз не қауіп төніп тұрғанын білеміз», - деп жазды Мишель.

Еуроодақ Украинаға көмек 50 миллиард еуро

Тақырыпқа жаңалықтар