Placeholder
Фото: U.S. Central Command/UPI Photo/Newscom
Әлем23 қаңтар 2024, 13:00

Еуроодақ елдері Қызыл теңізде әскери операция жүргізуге келісті

Еуроодақ елдері Қызыл теңізде әскери операция жүргізуге келісті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл операция сауда кемелерін Йеменнен келген хуситтер шабуылынан қорғауды қамтамасыз етуі керек, деді Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель.

Оның айтуынша, ЕО елдері осы уақытқа дейін «бұл миссияның әртүрлі нұсқаларын талқылады».

Операция ақпан айында басталуы керек.

Басқа мәліметтер берілмеді.

Еуроодақ Қызыл теңіз әскери операция

Тақырыпқа жаңалықтар