Placeholder
ФОТО: dailymail.co.uk/
Әлем31 қаңтар 2024, 14:23

ЭКҰ немесе жасанды ұрықтандыру жойылып бара жатқан жануарларды да құтқарады

ЭКҰ немесе жасанды ұрықтандыру жойылып бара жатқан жануарларды да құтқарады, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады.

Оңтүстік жарты шардағы аппақ мүйізтұмсық бүкіл әлемде екеу ғана қалған, әрі екеуі де ұрғашы. Оларды сақтап қалу үшін неміс ғалымдары мүйізтұмсық эмбрионын суррогат анаға трансплантациялады. Процедура сәтті өтті.

Мамандар 13 рет рет әрекет еткеннен кейін ғана ұрғашы мүйізтұмсық жүкті болды.

Алайда, мүйізтұмсықтар өмір сүретін ауданда дауыл болып, бірнеше мүйізтұмсық, оның ішінде болашақ ана да өлді. Ғалымдар егер аналық тірі қалғанда, оның ұрпағының тірі қалу мүмкіндігі 95 пайыз еді деп жазды Daily Mail.

Тірі қалған жалғыз ақ мүйізтұмсық жасына және денсаулығына байланысты бала көтере алмайды. Бірақ сәтті өткен ЭКҰ тәжірибесі жабайы табиғатта санаулы қалған кейбір жануарларды аман алып қалуға болатынын көрсетті.

Қазақ жерінде де талай жануар, аң-құс жойылып кетті, жойылуға таяу қалғандары да бар. Шетел тәжірибесі біздің мамандарға да қажет екен.

ЭКҰ жасанды ұрықтандыру жойылып бара жатқан жануарлар

Тақырыпқа жаңалықтар