Placeholder
David Cantiniaux/AFPTV/AFP/Getty Images
Әлем29 қаңтар 2024, 1:10

Экобелсенділер Луврдағы «Джоконда» (Мона Лиза) картинасына сорпа құйды

Экологиялық белсенділер Луврдағы Леонардо да Винчидің «Джоконда» (Мона Лиза) картинасына сорпа құйып тастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Картина оқ өткізбейтін қорғаныш әйнектің артында болғандықтан, оның зақымдануы екіталай.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда екі әйелдің картинаға сорпа құйып, «сау және органикалық тағам» құқығын талап етіп жатқаны көрсетілген.

Олар, сондай-ақ, «біздің ауылшаруашылық жүйеміз ауру» деп айқайлады.

Айта кетсек, Леонардо да Винчидің "Мона Лизасы" - әлемдегі ең танымал өнер туындыларының бірі.

2022 жылдың мамырында суретке климат белсенділері де шабуыл жасады: олардың бірі оған торт лақтырып, «Жер-Ананы ойлаңдар» деп талап еткен болатын. 

Джоконда Экобелсенділер Лувр сорпа

Тақырыпқа жаңалықтар