Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Әлем29 ақпан 2024, 18:00

ДДСҰ: Күйзелістің дауасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 280 миллионға жуық адам депрессиядан зардап шегеді. Бұл кейбір жағдайда мүгедектікке әкеп соғады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады.

Депрессияға ұшыраған адамдардың 30%-дан астамына кәдуілгі ем көмектеспейді.

Депрессия еңбек өнімділігін төмендетіп, отбасында, қоғамда қиындық тудырады.

Тіпті жыл сайын 700 мыңнан астам адам өз еркімен өмірін қияды.

Ғалымдардың айтуынша, депрессияның кейбір себептері мынадай:

Шектен тыс жұмысбастылық;

ұйқысыздық;

Тағамда транс майларының көп болуы;

артық салмақ;

ішек микробиомасының нашарлығы;

ауаның ластануы.

Оның орнына:

жемістер мен көкөніс көп жеу;

дұрыс тамақтану;

фастфудтан бас тарту;

зәйтүн майын пайдалану;

Физикалық белсенділік;

ұйқының сапасын жақсарту керек.

Уақтылы ұйықтау (23.00-ге дейін ұйқыға жату) күйзеліс қаупін 23%-ға төмендетеді.

Әдетте көпшіл, адамдарға көмектескісі келіп тұратын жандар депрессияға сирек ұшырайды екен.

Депрессия күйзеліс ДДСҰ күйзеліс дауасы

Тақырыпқа жаңалықтар