Placeholder
Фото: Vyacheslav Prokofyev/picture alliance/dpa/TASS
Әлем26 наурыз 2024, 4:25

Crocus City Hall: Жараланған тағы екі адам ауруханада көз жұмды

"Крокус Сити Холлдағы" лаңкестік әрекет нәтижесінде жараланған тағы екі адам ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеді.

Осылайша, құрбандар саны 139 адамға жетті.

Бастрыкин, сондай-ақ концерт залына шабуыл жасады деп айыпталғандардың тапсырыс берушілерге қарсы куәлік бергенін айтты.

Crocus City Hall 139 адам құрбандар

Тақырыпқа жаңалықтар