Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Әлем3 ақпан 2024, 19:20

Британ онкологтары ми ісігін анықтайтын анализ ойлап тапты

Британ онкологтары ми ісігін анықтайтын анализ ойлап тапты. Ол қолданысқа енгізілсе, биопсия жасаудың қажеті болмайды , - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media жазады. 

Ғалымдар ісіктің ең қауіпті түрі – глиальды ісіктерді, оның ішінде глиобластоманы диагностика жасайтын мүлде жаңа қан сынамасын әзірледі.

Ол TriNetra-Glio деп аталады.

“International Journal of Cancer” журналында жарияланған зерттеу бас миының қатерлі ісігі бар науқастарға жүргізілді. TriNetra-Glio атты сынама қандағы ісік жасушаларын оқшаулау және анықтау арқылы жұмыс істейді.

Сынама биопсия кезінде алынатын тін үлгісімен бірдей және егжей-тегжейлі ақпарат береді.

Инновациялық әдіс науқастар үшін өте пайдалы болуы мүмкін.

Енді тағы да көлемді зерттеу жүргізіледі. Егер ол нәтижелі болса, қауіпті ми ісігі бар науқастар екі жыл ішінде жаңа сынаманы пайдалана алады.

Бұл онкологиялық аурулармен күрестегі маңызды қадам болмақ.

Лондон Империал Колледжінің нейрохирургтары бұл сынама көптеген адамға өмір сыйлауға көмектеседі дейді.

Британ онкологтары ми ісігі анализ

Тақырыпқа жаңалықтар