Placeholder
Liesa Johannssen/REUTERS
Әлем5 желтоқсан 2023, 11:00

Бразилия президенті G20 саммитінде Путинге қауіпсіздік кепілін бермеді

Бразилия президенті G20 саммитінде Путинге қауіпсіздік кепілдігін бермеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Луис Инасиу Лула да Силва Ресей президенті келесі жылы Рио-де-Жанейрода өтетін G20 саммитіне келсе, қамауға алына ма деген мәселе оның құзыретіне кірмейтінін айтты.

"Мұны сот жүйесі шешеді", - деді Бразилия президенті.

Бұл ретте ол G20 саммитіне ресейлік әріптесін шақырғалы отырғанын атап өтті.

2023 жылдың көктемінде Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Владимир Путинді Ресейдің Украинаға қарсы соғысы кезінде балаларды заңсыз депортациялады деген айыппен қамауға алу туралы бұйрық шығарды.

Бразилия ХКК құрған шартты негізінде Рим статутының қатысушысы болып табылады.

Қыркүйек айында Лула Ресей мемлекетінің басшысы Бразилияда қамауға алынбайды деп мәлімдеген.

G20 саммиті Силва Путин қауіпсіздік кепілі

Тақырыпқа жаңалықтар