Placeholder
Фото: facebook.com/borisjohnson.
Әлем7 желтоқсан 2023, 12:35

Борис Джонсон кешірім сұрады

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі елдің пандемияға көзқарасын терксеруге қатысты 2 күнге созылатын тыңдалымға қатысып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Euronews жария етті.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон пандемияға елдің көзқарасы қандай болғанын тексеруге қатысты тыңдалымда сөз сөйлеп, COVID-19 салдарынан құрбан болған азаматтардың туыстарынан «қайғы, жақынынан айырылғаны мен азап тартқаны» үшін кешірім сұрады.

Қаза болғандардың туыстары оның сөзін бөле берді, ал бірінің қолында «Өлген адамдар сіздің кешіріміңізді естімейді» деген жазуы бар плакат болды. Бірнеше адам залдан шығарылды.
Қабылданған шешімдерге жауапкершілік алу туралы сұраққа жауап бергенде саясаткер қателіктер болғанын мойындады.

COVID-19 Ұлыбританияда 232 000 адамның өмірін қиды.

Джонсон 2022 жылдың қыркүйегінде, локдаун кезінде Даунинг-стриттегі резиденциясында сауық-кештері ұйымдастырылғаны белгілі болғаннан кейін премьер-министр қызметінен кетті.

Борис Джонсон covid-19 кешірім сұрады

Тақырыпқа жаңалықтар