Placeholder
ФОТО: REUTERS
Әлем26 наурыз 2024, 8:00

БіҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы атысты дереу тоқтатуға шақырды

Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы атысты дереу тоқтатуға шақырды. Халықаралық орган қабылдаған қарарда, сондай-ақ, израильдік кепілге алынғандарды «тез әрі сөзсіз» босату талап етілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Резолюцияны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері ұсынды, дауыс беру кезінде АҚШ қалыс қалды.

Бұл Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған Газа секторында атысты тоқтатуды талап ететін бірінші қарар.

Бұған дейін мұндай бірнеше қарарға АҚШ тосқауыл қойған болатын.

Өз кезегінде Ресей мен Қытай жұма күні АҚШ-тың атысты тоқтатуға шақыруды Хамас лаңкестері кепілге алынғандарды босатумен байланыстырған қарарына тосқауыл қойды.

БҰҰ Газа секторы атысты тоқтату

Тақырыпқа жаңалықтар