Placeholder
ФОТО: BILD
Әлем12 ақпан 2024, 13:23

Австралияда бүлдіршін ойыншық автоматының ішінде қамалып қалды

Австралияда бүлдіршін ойыншық автоматының ішінде қамалып қалды. Брисбендегі сауда орталығында әкесі жұмсақ ойыншықтары бар автоматтың жанында ұлын қалдырып, біраз уақытқа кетіп қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Баласы автоматтың арғы жағынан кептеліп тұрып ішіне кіріп кеткен.

Бірнеше ересек адам оны шығарып алмақ болып еді, бірақ оған кіруден гөрі шығу қиынырақ болып шықты.

Нәтижесінде оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Олар техникті күтудің орнына баланың бетін ары бұрып, көзін жұмып отыруды өтінген, содан кейін полиция әйнек қорапты сындырып, баланы шығарып алды.

Бір қызығы, осы уақыт бойы бүлдіршін титтей де қорықпай, жыламай, тыныш қана қарап отырған.

 

Австралия ойыншық автомат Бала Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар