Placeholder
Serhii Nuzhnenko/Radio Free Europe/Radio Liberty/REUTERS
Әлем18 ақпан 2024, 11:00

Авдеевкадан шегінгенде бірқатар украин әскері тұтқынға алынған

Тарнавскийдің мәлімдеуінше, Авдеевкадан шығудың соңғы кезеңінде бірқатар сарбаздар тұтқынға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Таврия» әскерлерінің жедел-стратегиялық тобының қолбасшысы, бригада генералы Александр Тарнавский Telegram-да Украина әскерилерін Авдеевкадан шығару операциясының соңғы кезеңінде басым жаудың қысымымен бірқатар украиндық әскери қызметкер тұтқынға алынғанын жазды.

Оның айтуынша, Украина әскерлері қазір Авдеевка ауданындағы қорғаныстың екінші сызығына шегінді.

Бұған дейін Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Донецк облысының Авдеевка қаласынан украин әскерлерін толықтай шығарып, қорғанысқа көшуді бұйырған болатын.

«Қоршауға рұқсат етілмеді, жеке құрам шығарылды, біздің сарбаздар белгілі бір шептерде қорғаныс позициясын алды», - деді ол күні бұрын.

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар