Placeholder
ФОТО: Адам, Алан Грековтар
Әлем12 ақпан 2024, 12:23

"Әскери бүлдіршін". Ресейлік самбошы бала Германияда әлеужеліде аты шықты

Германияда аты шыққан ресейлік төрт жасар Алан Греков Жаңа Мәскеудегі Первомайскийде самбо жаттығуларына барады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол үнемі жаттығады, бос уақытында әкесімен бірге көлік өңдейді, анасымен бірге ас үйде тамақ әзірлейді. Ата-анасы баласының бүкіл өмірін әлеужелілерде белсенді түрде жариялайды.

BILD спорт шолушысы Карло Ортманн Германияда «төбелесқұмар ресейлік әскери бүлдіршін» танымал болды деп жазады.

Журналист Аланды «кішкентай болса да спорт алыбы», ал самбоны «орыс-кеңестік жекпе-жек өнері» деп атайды.

Ортманның айтуынша, Аланға қараған кезде «құрмет пен «балалар мұны жасамауы керек» деген түсінік түйсігіңді тесіп өтеді дейді. 

Тақырыпқа жаңалықтар