Placeholder
Фото: Pixabay
Әлем8 ақпан 2024, 9:23

АҚШ соты Дональд Трампқа қатысты шешім шығарды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды, сот шешімі оның 2020 жылғы сайлауды бұзу әрекетіне қатысты шығарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ВВС жазады.

Сот Дональд Трамптың билікті сақтап қалу әрекеттеріне қатысқаны үшін жауапқа тартылуда иммунитеті жоқ деп шешті.

«Осы қылмыстық іс аясында бұрынғы президент Трамп қылмыстық іс бойынша айыпталатын кез келген басқа тұлға сияқты барлық қорғаныс мүмкіндіктері бар азамат Трампқа айналды. Бірақ оны президент ретінде қорғайтын кез келген иммунитет енді оны бұл айыптаулардан қорғай алмайды», - делінген сот шешімінде.

Дональд Трамп АҚШ сот

Тақырыпқа жаңалықтар