Placeholder
ФОТО: BILD
Әлем12 ақпан 2024, 17:34

АҚШ Конгресі ғимаратында гей-порно түсірген неміс саясаткері түрмеге кетуі мүмкін

Неміс саясаткері АҚШ Конгресі ғимаратында гей-порно түсіргені үшін түрме жазасына кесілуі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

SDPG мүшесі және Германия Федералдық еңбек министрлігінің аты аталмаған бұрынғы қызметкері Вашингтондағы Hart Senate Office Building ғимаратында АҚШ Конгресінің қызметкері Эйдан Мейз-Черопскимен жыныстық қатынасқа түскені туралы видео түсіріп алған.

Мейз-Черопски 2020 жылы АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденмен бірге үгіт-насихат видеосында басты рөлді сомдағанымен танымал.

Артынша әлеуметтік желілерде денесінің кей жері Капитолий күмбезінің бейнесімен жабылған видео жарияланды.

Бейнежазбада Мэриленд штатының сенаторы Бен Кардиннің көмекшісі болып жұмыс істеген Мейз-Черопски іш киіммен еңбектеп тұр. Бұл эпизод болған жер әйгілі болды - Hart 216 бөлмесінде, атап айтқанда, 11 қыркүйекте комиссия тыңдаулары өткен болатын.

Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Капитолийдегі қауіпсіздікке жауапты полиция қызметкерлері тергеужүргізіп жатыр. Оның нәтижелері туралы әзірге ештеңе белгілі емес.

Америкалық заңгер Джонатан Терли секс жанжалына қатысы барлар шекараны бұзғаны және әдепсіз әрекеті үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

Жанжалдың екінші қатысушысы Берлиндегі жекеменшік мектепте оқып, кейін АҚШ-қа Джордж Вашингтон университетінің Эллиот мектебіне халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқуға кеткені белгілі. Ол Ақ үйге таяу жерде орналасқан.

Порно видео жарияланғаннан кейін Мейз-Черопски Ақ үйден қуылды.

Сенатор Бен Кардиннің кеңсесі оның енді ол жерде жұмыс істемейтінін айтты.

гей-порно АҚШ Конгресі Мейз-Черопски түрме

Тақырыпқа жаңалықтар