Placeholder
Фото: Euronews
Әлем7 желтоқсан 2023, 11:00

Әнші Бейонсенің фильмі рекорд орнатты

АҚШ кинотеатрларының кассаларында әнші Бейонсенің “Renaissance: A Film by Beyoncé" фильм-концертіне билеттер рекордты көлемде сатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Euronews  жария етті.

AMC Theaters бағалауы бойынша, жексенбі, 3 желтоқсан күні әншінің фильміне билеттер жалпы сомасы 21 млн долларға сатылып, кассалық түсім бойынша Солтүстік Америкада бірінші орынға ие болды.

Бейонсенің “Renaissance: A Film by Beyoncé" картинасы АҚШ пен Канаданың 2 539 кинотеатрында, сондай-ақ әлем бойынша 2621 кинотеатрда прокатқа шықты.

Фильм тек халықаралық көрсетілімдерден 6,4 млн доллар табыс тапты.

Аталған фильмде әншінің дүниежүзі бойынша гастроліндегі концерттері бейнеленген. Оның Грэмми алған альбомының құрметіне өткізілген «Ояну» атты турнесі осы жылдың мамыр айында Швецияның Стокгольм қаласынан басталып, биыл күзде Миссури штатының Канзас-Сити қаласында аяқталды.

Бейонсе тур барысында 39 қалада 56 концерт беріп, 500 млн доллардан астам табыс тапты.

Бұл шоулар жалпы алғанда 2,7 млн көрерменнің назарын өзіне аудартты.

Бейонсе фильм Рекорд

Тақырыпқа жаңалықтар