Placeholder
Фото: Анадолы
Әлем22 ақпан 2024, 20:46

Анкарада қарулы әке жеті жасар ұлын кепілге алды

Түркия астанасы Анкарада әкесінің кепілінде болған 7 жасар бала арнайы операцияның көмегімен 12 сағаттан кейін құтқарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Star басылымы хабарлады деп жазады Kazinform агенттігі.

Ұлын кепілге алған 35 жастағы азамат 2 апта бұрын ажырасқан әйеліне баласын бергісі келмегені анықталды. Оның психикалық проблемалары бар екені және нашақорлыққа тәуелді екені айтылады.

– Оқиға орнына дереу полицияның арнайы бөлімшесі, өрт сөндіру қызметі және жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әкесі 12 сағат бойы арнайы жасақ күштерінің әрекетіне тойтарыс берген соң, баланы құтқару үшін арнайы операция ұйымдастырылған.

Атыс кезінде әкесі аяғынан жараланып, қарусыздандырылып, ауруханаға жеткізілді.

Оның ұлына психиатриялық көмек көрсетілуде.

Оқиғаға байланысты тергеу басталған.

Анкара қарулы әке ұл кепіл

Тақырыпқа жаңалықтар