Әлемде ең жиі қолданылатын танымал парольдер
Әлем20 қараша 2023, 14:05

Әлемде ең жиі қолданылатын танымал парольдер

NordPass бағдарлама жасаушылары 2023 жылғы топ-20 құпиясөз тізімін жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Kazinform бұл туралы NordPass ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Желі қолданушылары әдетте аккаунттарына ең оңай құпиясөз қояды. Сарапшылар дерегі де осыны растады.

NordPass құпиясөз менеджерлері 2023 жылғы ең танымал 20 құпиясөз тізімін жасап шықты.

Сонымен адамдар деректерін көбіне 1-ден 6-ға дейінгі сандарды пайдаланып «қорғайтын» болып шықты — «123456».

Мұндай құпиясөзді интентет қолданушылар 4 524 867 рет пайдаланған.

Екінші орында «admin» тұр. Ол 4 008 850 мәрте қолданылған.

Сарапшылардың айтуынша, арнайы бағдарламалық жабдығы бар хакерлер мұндай құпиясөзді бірнеше секунд ішінде тауып алады.

блтыр ең әлсіз құпиясөз рейтингінде көш басында тұрған «password» биыл жетінші орынға түсіп қалды. 

Сонымен қатар желі қолданушыларының сүйікті құпиясөздерінің қатарында «unknown» және 0000 комбинациялары, пернетақтада бірінен кейін бірі орналасқан сан немесе әріптен құралғандары бар. Мысалы «123», «1234», «12345», «12345678», «123456789», «1234567890», «Aa123456» секілді.

 

Әлем парольдер

Тақырыпқа жаңалықтар