
12 адам мінген Түркияның жүк кемесі Қара теңізге батып кетті
Жексенбі күні Қара теңіз жағалауында Түркияның жүк кемесі суға батып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның бортында 12 экипаж мүшесі болған.
Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі жариялады.
Кеменің суға батқаны туралы мәліметті дүйсенбіде Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая таратты.
«Билік экипажбен байланыс орната алмады», – деді министр елдің солтүстік-батысындағы Эрегли қаласында тілшілерге.
Оның айтуынша, «Кафкаметрлер» кемесі Ресейдің Темрюк портынан Түркияның Алиага қаласына ферросицилий тасымалдап келе жатқан. Алайда дауыл салдарынан Эрегли портында толқыннан қорғау үшін орнатылған конструкцияларға соғылып, суға кетті.
«Жексенбі күні аймақта қуатты дауыл басталып, қолайсыз күн райы ел билігіне іздеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермеді», – деп қосып өтті Ә.Ерликая.
ІІМ басшысының сөзінше, іздестіру-құтқару жұмыстары ауа райы жақсарған бойда басталады.