Placeholder
ФОТО: president.uz
Еуразия7 ақпан 2024, 11:39

Өзбекстанның әлеуметтік сала министрлері үшін тиімділік индикаторы енгізіледі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев премьер-министр Абдулла Ариповқа әлеуметтік сала министрлерімен бір жылдық келісімшарттар жасап, олар үшін тиімділік көрсеткішін (KPI) белгілеуді тапсырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биылғы жылға арналған білім, денсаулық сақтау, цифрландыру, мәдениет және спорт мәселелеріне арналған жиында сөйлеген Мирзиеев қазіргі таңда елімізде әлеуметтік салаға 13 министрлік пен ведомство жауапты екенін атап өтті. Президент бұл саладағы проблемалардың көптігіне алаңдаушылық білдірді.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында соңғы жеті жылда 7 министр ауысқанымен, саланы цифрландыру, медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстары баяу жүргізілуде.

Өзбекстан әлеуметтік сала министрлері тиімділік индикаторы

Тақырыпқа жаңалықтар