Placeholder
Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еуразия29 ақпан 2024, 16:35

Өзбекстанда мектептерге телефоннан бас тартқаны үшін 300 миллион сум бермекші

Ташкент облысының (Өзбекстан) әкімі Зойир Мирзаев облыста «Телефонсыз мектеп» бастамасын енгізуді ұсынды. Ол бұл ойымен Шыршықта өткен білім беру мәселелеріне арналған жиында бөлісті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Gazeta.uz басылымы хабарлады.

Аймақ басшысының айтуынша, сабақта телефон қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдаған білім беру мекемелеріне 300 миллион сум сыйақы беріледі.

Мирзаев мектептерде мобильді құрылғыларды пайдалану оқуға кері әсерін тигізетінін, сондықтан телефоннан бас тарту мәселесін оқушылардың ата-аналарымен келісу керектігін атап өтті.

Зойир Мирзаев ең алдымен мұғалімдердің жұмыс орнында телефон пайдалануға тыйым салуы керектігін баса айтты.

Саясаткердің айтуынша, бұл мұғалімдердің стресс деңгейін төмендетіп, психологтармен байланысу қажеттілігін азайтады.

Өзбекстан ұялы телефон бас тарту 300 миллион сум

Тақырыпқа жаңалықтар