Placeholder
Фото: pexels.com
Еуразия23 қаңтар 2024, 10:00

Өзбекстан астанасында 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді

Ташкент қаласында және Өзбекстанның басқа да аймақтарында 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Қырғызстанмен шекаралас Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 7 балл, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Дүйсенбі күні сағат 23:13-те Ташкентте және Өзбекстанның өзге де аймақтарында жер сілкінісі тіркелді. Өзбекстан астанасы тұрғындарының ақпараты бойынша, жоғарғы қабаттардағы тербелістер 30-40 секундқа созылды.

Өзбекстан ТЖМ республикалық сейсмопрогностикалық мониторинг орталығы эпицентр Қырғызстан шекарасына жақын Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Ақсу округінде болғанын мәлім етті.

Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы 7 балл болды. Оның тереңдігі - 15 км. Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық 862 шаықырым.

Ташкентте сезілген жер асты дүмпулерінің күші - 3 балл. Ал, Андижан, Ферғана және Наманған облыстарында (эпицентрден 600-650 км) - 3-4 балды құрады.

Өзбекстан ташкент Жер сілкінісі

Тақырыпқа жаңалықтар