Placeholder
Фото: senate.parlam.kz
Еуразия8 ақпан 2024, 11:49

ЕАЭО аумағында электронды нысандағы қызмет нарығына қатысты заң мақұлданды

Сенатың жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2022 жылғы 9 желтоқсанда Бішкек қаласында хаттамаға қол қойды.

«Хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында электронды нысанда көрсетілетін қызметтер нарығын дамытуға және тұтыну орны бойынша салық есебіне қоюды оңайлату, оларға қосылған құн салығын төлеу тетігін енгізуге ықпал ететін болады. Қазіргі кезде хаттаманы ратификациялау туралы Заң «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес барлық қажет сараптамадан өтті, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сараптама кеңесінің мүшелерімен келісілді», - деді сенатор Бекболат Орынбеков.

Заңның негізгі міндеті - Еуразиялық экономикалық одақ ішінде де, үшінші елдермен де қосымша құн салығын төлеудің ашық және айқын тетігі бар салық салудың тең жағдайларын жасау, салық саласындағы әкімшілендіруді жеңілдету, сондай-ақ электронды қызметтерді іске асыру саласында бизнесті жүргізу.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер салық органдарының ресми сайттарында электронды нысанда қызметтер көрсететін ұйымдардың тізімі орналастырылады, бұл ұйымдарға салық саласындағы әкімшілендіру жеңілдетіледі. Хаттаманы ратификациялау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, экономикалық конъюнктураны жақсартуға, электрондық нысанда қызметтер көрсететін кәсіпорындардың табыстылығын арттыруға және түпкі нәтижесінде - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен қоса, басқа да елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, қосымша құн салығын төлеу орнын белгілеу жөніндегі дауларды болдырмауға, республикалық бюждетке 20 млрд теңгеден астам қосымша қаражат түсуге септігін тигізеді. Құжат теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді, қосымша қаржы шығындарын талап етпейді», - деді сенатор.

ЕАЭО электронды нысан Заң сенат

Тақырыпқа жаңалықтар