Шымкентте жоғалған қыз бір күннен кейін Астанадан табылды

7 июня 2023 г. 20:21 / Новости Казахстана

Шымкент қаласында жоғалған 14 жастағы Арайлым Ақтай бір күннен кейін Астанадан табылды, деп хабарлайды Arbat.media

Еріктілер қыз баланы іздеу кезінде Астананың «Сапаржай» автовокзалынан тауып алды. 

6 маусымда оның әкесі полиция бөлімшесіне хабарласып, баласының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан болатын. Жасөспірім 5 маусымда үйінен шығып кеткен күйі қайтып келмеген. 

Автор
Новости партнеров