Шығыс Қазақстандағы таулы алқаптағы өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр

5 июля 2023 г. 15:12 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстанда табиғи өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірдегі Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде шамамен 20 гектар алаңда жанып жатқан өрт сөндіру жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр. Аталған төтенше оқиғадан жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төнбеген.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2 тікұшағы және Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы тартылды, 72 рет су шашылған.  Сондай-ақ, орманшылардан, өрт сөндірушілерден және ЖАО-дан 200-ден астам адам, 25 техника жұмылдырылды.

Бұған дейін Алматы, Жамбыл облыстарында өрт шығып, бірнеше күнге жалғасқан болатын. 

Автор
Новости партнеров