Шавкат Рахмонов жекпе-жек алдында қарсыласымен көз түйістірді

3 марта 2023 г. 16:48 / Новости Казахстана

UFC жартылай орта салмағындағы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов 5 наурызда Лас-Вегастағы UFC 285 турнирінің негізгі кардында америкалық Джефф Нилге қарсы айқас өткізеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Sports.kz порталының жазуынша,  жекпе-жек алдындағы аптада олар баспасөз конференциясын өткізіп, бірінші рет бетпе-бет жолықты.

UFC рейтингі бойынша 9-орынға тұрақтаған Шавкат Рахмонов бұған дейін 16 рет жеңіске жетіп, әзірге мүлдем жеңілмей келе жатыр. Сонымен бірге қазақстандық спортшы барлық жекпе-жегінде уақытынан бұрын қарсыластарынан басым түскен. 

Ал оның бұл жолғы қарсыласы Джефф Нил 15 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліске ұшыраған.  


 

Автор
Новости партнеров