Қостанайда құбырды қазу кезінде адам сүйегі табылды

5 июля 2023 г. 13:59 / Новости Казахстана

Қостанайда құбырларды ауыстыру кезінде адам сүйегі табылды. Аталған жағдай бойынша полицейлерлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтауда, деп хабарлайды Arbat.media 

Полиция қызметкерлері «ҚЖЭК» МКК қызметкерлері Қостанайдағы Мәуленов-Досжанов көшелерінің қиылысындағы құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқанын мәлімдеді. 

Қазір адам сүйегіне қатысты қажетті тергеу амалдары басталған. Сүйекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып,  оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданбақ. 

Автор
Новости партнеров