Қостанай тұрғын ірі көлемде есірткімен ұсталды

7 июня 2023 г. 13:30 / Новости Казахстана

Қостанайлық полицейлер психотроптық таблеткалардың үлкен партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Іздестіру шаралары барысында 21 жастағы қостанайлық тұрғынның үйінен айрықша заттар салынған бес шыны құты және екі полимерлі Zip-пакет табылды.

Зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін ер адамның құтыларда кептірілген марихуананы сақтағаны белгілі болды. Пакеттерде психотроптық саңырауқұлақтар мен құрамында психотроптық заттар бар "Ксанакс" дәрілік препаратымен таблеткалар бар, - делі  Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығының м.а. Амир Нигматзанов.

Тірнту барысында күдіктіден 1 келіге жуық марихуана, 65 гр кептірілген саңырауқұлақтар, сондай-ақ 312 дана психотроптық таблетка тәркіленді. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 297- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автор
Новости партнеров