Қазақстанда құмар ойынға байланғандар 5 айда 100 млрд қаржы жұмсаған - ІІМ

2 июня 2023 г. 18:35 / Новости Казахстана

Биыл қазақстандықтар құмар ойындарға бәс тігу бойынша 100 млрд теңгеден астам қаражат жаратқан, деп хабарлайды Arbat.media.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов лудомания мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, соңғы жылдары елімізде бәс тігу деңгейі 40 есеге дейін артқан. 

2019 жылға қарағанда өткен жылы құмар ойындар мен бәс тігу деңгейі 40 есеге артқан Соңғы 2 жылда құмар ойындар нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, қазақстандықтар ең көп жұмсайтын жетекші орынға ие болып отыр. 2023 жылдың алғашқы тоқсанында халықтың шығыны 100 млрд теңгеден асты. Бұл кітапханалар мен мұражайларға қарағанда 70 есе, шығармашылық пен өнерге қарағанда 50 есе, IT қызметтеріне қарағанда 5 есе және жылжымайтын мүлік операцияларына қарағанда 2 есе көп болып отыр, - деді Марат Ахметжанов.

М.Ахметжанов бәс тігуге қатысты жарнаманың онлайн-платформада кең таралғанын әрі қолжетімді екенін алға тартты.  Бұл мәселенің одан әрі арта түсуіне септігін тигізіп отырған көрінеді. 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ешкім лудоманиямен айналыспайды. Бұл ретте салық мекемелері тек тиісті ақшасын төлетуге ғана мүдделі болып отыр. Соның салдарынан қарапайым халық зардап шегіп, тіпті, құмар ойын жолында дүниесін сатып, банктен несие алуға дейін баратын жайттар жиі кездеді. 

 

Автор
Новости партнеров