Қарағанды облысында кек алу үшін адамға оқ атқан күдікті ұсталды
Қарағанды облысында кек алу мақсатында қарсыласының көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Өңірдегі ауданға қарасты ауылдардың бірінің 30 жастағы тұрғыны полицейлерге белгісіз біреу көлігіне үш рет оқ атып, қашып кеткені туралы хабарлады.
Жәбірленуші ешқандай жарақат алмаған, оның көлігі ғана зардап шеккен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. ҚР ҚК 24-99 “Адам өлтіруге оқталу“ бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат жәбірленушімен бұрын болған кикілжіңнен кек алу мақсатында аңшы мылтығынан оқ атқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Мылтық тәркіленді, - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданған. Бұған дейін Алматы қаласындағы базарлардың бірінде жол таласқан екі адам төбелесіп, біреуі тапаншамен екінші адамның басынан атқан болатын. Полиция оқыс жағдайдан кейін көп ұзамай қылмыскерді қолға түсіріп, қамауға алды.