Қаңтар оқиғасында алаңдағы халық арасында салафиттік топтар болған - Құлекеев
Қаңтар оқиғасында халық арасында діни радикалдық топтың мүшелері бүлік салуға қатысқан. Бұл туралы Жақсыбек Құлекеев "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабында жазды, деп хабарлайды Arbat.media.
Автор қаңтардағы бүлік кезінде Алматы қаласы мен оңтүстік облыстардағы наразылық кезінде халық арасында криминалдармен бірге радикалды топтар болғанын ашық көрсетеді.
Қаңтар оқиғасы кезінде біз саяси экстремизм, криминал және радикализм факторының бір-бірімен араласып кеткенін анық көрдік. Егер мұның алдын алмағанда төртінші, бәлкім, бесінші толқын да болар еді. Билік мұның жүзеге асуына жол бермеді. Дәл осы күндері шетелде, халықаралық терристік ұйымдардың қатарында жүрген азамат еліміздегі жасырын жүрген топтарға үндеу тастап, қарулы жиһадқа шақырды, - деді Ж.Құлекеев.
Оның дерегінше, лаңкестік ұйымның қатарында он жылдан астам уақыт жүрген қазақстандық азамат қаңтар оқиғасында елдегі өз мүдделестерін жиһадқа шақыруға үндеген.
Ол ірі халықаралық террористік ұйымның қатарында жүрген біздің елдің азаматы болатын. Кезінде, 2011 жылы біздің бір азаматы қасындағы екі серігімен бірге Ауғанстанда еуропалық радикалдармен бірігіп, ұйым құрып, Атырауда теракт ұйымдастырған. 2012 жылы сол ұйымның тағы бір өкілі Францияның Тулуз қаласында теракт жасайды. Осыдан кейін америкалық және еуропалық барлау қызметтері оларға іздеу салады. Сол екі шетел азаматының көзі жойылды. Ал біздің екі азамат кейін қолға түсіп, Қазақстанға әкелініп, жиырма жылға сотталды. Солардың арасынан тек біреуі ғана тірі қалып, 2012 жылы Сирияға кетіп, сол жақтағы халықаралық радикалды топтың құрамына кірді. Міне, сол азамат содан бері әлсін-әлсін үндеу тастап келеді. Еліміздегі қаңтар оқиғасы кезінде ол арнайы видео үндеу жасап, «Жиһад басталды, қосылыңдар!» деп шақырған. Бұл - өте қауіпті жағдай. Тергеудің мақсаты - осы толқындардың арасындағы байланысты анықтау, - деп жазды Жақсыбек Құлекеев.
Автор аталған кітапта қаңтар оқиғасы кезінде шетелдегі ортаазиялық радикалдар өзара ақылдаса келе Қазақстанға үш мың жиһадшы жібермекші болғаны туралы мысалдарды келтіреді.
Егер бұл сценарий жүзеге асқанда мемлекеттігіміз не болар еді? Бұл іске «аса құпия» деген гриф қойылған. Мән-жайды нақты айта алмаймын. Бірақ криминал, радикалдармен сыбайласқан кейбір күштер билікті басып алмақ болған. Түпкі мақсат осы, - дейді кітап авторы.
Ал қаңтар оқиғасы кезінде елдің үрейін ұшығарн "20 мың террорист" туралы деректі түсіндірген автор мәліметті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары бергенін алға тартады. Бұл барлық республика бойынша алынған мәлімет көрінеді.
Қ.Тоқаевтың "20 мың содыр" деген табандылығын немен түсіндіруге болады? Ол ҰҚК мен Қазақстан Қарулы күштерінің бірқатар бөлімшелерінің тікелей диверсиясына тап болды. Яғни, оны, шын мәнінде, сол сәтте жағдайды басқару мүмкіндігінен айырған. Мемлекетке сатқындық жасағандар Президенттің өзін үркіту үшін осындай дезинформация жасалғаны кейіннен белгілі болып отыр, - дейді ол.
Ал салафиттік бағыттағы адамдар оңтүстік өңірдегі наразылық кезінде қылаң берген. Олардың дені сауда үйлерінде түрлі заттарды сатумен айналысатын адамдар тобы болса керек. Сонымен қоса олардың артында, экс-президенттің інілерін тұрғаны айтылады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы сауда орындарының қызметкерлері және Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалдының қолдауымен Қазақстанның оңтүстігінде жасақталған қарулы салафиттік жамағат болды. ... Уахабиттік, салафиттік ұйымдарды алдын ала дайындағаны, қиындық туған кезде пайдаланбақшы болғандығы күмәнсіз. Бұлар астыртын әрекет ететін жүздеген адамды дайындықтан өткізген. Ашылғаны - тек келтірілген шығындар мен қаза болғандар саны, - деп жазады автор аталған кітапта.
Қаңтар оқиғасы кезінде еліміз бойынша 238 адам қайтыс болғаны айтылды. Наразылық шарасы бірнеше күнге созылып, Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызыорда қалаларында митинг соны бүлікке ұласып, көптеген адамдар зардап шеккен еді. Arbat.media. аталған жағдай туралы бұған дейін "Шапырашты" операциясы туралы материал жариялаған болатын. "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін" кітабында автор Жақсыбек Құлекеев түрлі деректерді алға тарта отырып, экс-президенттің інілері наразылық кезінде өз мүдделері үшін арнайы операцияға кіріскенін Кәрім Мәсімовке жасырын арналар арқылы мәлімдегені туралы жазды.