Отандық ұшақ бортында алғаш рет бүлдіршіннің тұсауы кесілді

14 сентября 2023 г. 10:10 / Новости Казахстана

Алғаш рет отандық әуе тасымалдаушының бортында тұсау кесу рәсімі өткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бортсерік рейс жолаушыларына тарихи оқиғаға куә болатынын хабарлады.

Таңғы рейстегі жолаушыларды күтпеген хабарландыру таң қалдырды.

7600 метр биіктікте әуе компаниясының капитаны кішкентай жолаушы Айланаға жарқын болашақ пен бақытты өмір жолын тілей отырып, тұсауын кесті.

Рәсім аяқталғаннан кейін шашу шашылып, жолаушыларға бауырсақ таратылды.

Тұсау кесу рәсімі авиация қауіпсіздік ережелеріне сәйкес өткізілді.

Қуанышты шараға қатысқан командир осы рейстің жолаушысы болатын.

Автор
Новости партнеров