Netflix-те қазақстандық фильмдер мен сериалдар көрсетілуі мүмкін

11 апреля 2023 г. 21:24 / Новости Казахстана

Netflix-те қазақстандық фильмдер мен сериалдар көрсету туралы әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Netflix компаниясының өкілі Александр Лонгтың кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қабылдау барысында Дархан Қыдырәлі Netflix-тің зор әлеуетін ескере отырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеп, ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін жеткізді.

Өздеріңізге белгілі, қазірде елімізде түсірілген сериалдар мен отандық контенттерге сұраныс артып, алыс-жақын шетелге сатыла бастады. Біз министрлік тарапынан сериалдарымызды халықаралық деңгейге шығару мақсатындағы жұмыстарды жалғастыра береміз, — деп жазды министр.

Автор
Новости партнеров