Маңғыстауда 16 жасар бала суға кетіп қайтыс болды

2 июня 2023 г. 16:48 / Новости Казахстана

Маңғыстауда Түпқараған ауданында 16 жастағы жасөспірім суға  түсуге барып қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға 1 маусымда күні кешқұрым орын алған. 

Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында арнайы жабдықталмаған теңіз аумағында шомылған 2007 жылғы жасөспірім суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 19:05-те құтқарушылар келгенге дейін туыстары суға батқан жігіттің денесін алып шықты,- деді Түпқараған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жолдыбек Бисенбеков.

Сонымен қатар, Ақтауда жағалауда серуендеп жүрген тұрғындар 17 жастағы екі жасөспірімді құтқарып алған. Олардың тыйым салынған аумақта суға түскені белгілі болды. Оқыс оқиғадан кейін балалар облыстық ауруханаға жеткізіп, бірі ем қабылдауға жатқызылды. Ал екінші баланың жағдайының қалыпты болуына байланысты ол үйіне жіберілді. 

 

Автор
Новости партнеров