Маңғыстау облысында ғимарат ішінде марихуана өсірген тұрғын ұсталды

20 мая 2023 г. 19:45 / Новости Казахстана
Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері кинолог мамандармен бірлесе, қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу барысында Ақтау қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Күдікке ілінген азамат Мұнайлы ауданындағы өнеркәсіптік базада контейнер ішінде құрамында есірткі бар "марихуана" өсімдігін өсіру бойынша фитонарколабораторияны ұйымдастыру бойынша айыпталып отыр. 

Контейнерді тінту барысында каннабиод тектес өсімдіктердің 17 бұтасы ("марихуана"), "марихуана" есірткі заты бар екі банка және екі байлам тәркіленген көрінеді. Соымен қатар, тәркіленген "марихуананың" жалпы салмағы - 351 грамды құрады.  Сондай-ақ, 41 қорап марихуана тұқымы алынды. 

Ақтау қаласының аумағында тұрақты тұрғылықты жерін тінту барысында азаматтан жалпы салмағы 3 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалға.

Аталған  дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Автор
Новости партнеров