Күдікке ілініп қамауға алынған Мейіржан Төребеков елден ақша сұрады

13 декабря 2022 г. 16:33 / Новости Казахстана

Ұзақ уақыттан бері қамауда отырған белгілі блогер Мейіржан Төребеков әлеуметтік желі арқылы оқырмандарын қайырымды іске шақырды. Ол өзінің туған күнінде науқас баланың денсаулығына байланысты ақша жинауды ұсынды, деп хабарлайды arbat.media.

"Мені туған күніммен құттықтап жатқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Алайда туған күніме орай бір өтініш айқым келеді. Қанат атты балаға жөтел аппаратын салытуға көмектесейікші. Бұл құрылғы баланың денсаулығы үшін өте қажет. Мен үшін бұл ең керемет сыйлық болады", - деп жазды Мейіржан Төребеков.

Блогер жарты жылдан бері уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл жазбаны оның әйелі жариялаған болуы мүмкін. Себебі, қамауда отырғандарға телефон ұстауға рұқсат берілмейді. 

Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құруға қатысы бар деген айыппен Мейіржан Төребаев достарымен бірге қамауға алынған еді. Таяуда ғана оның бір серіктесі Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау уақыты сот шешімімен тағы да ұзартылды. Аталған қаржы пирамидасына қыруар қаржы салған әйел адам Астана қаласында ІІМ ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген еді. Осыдан кейін көп ұзамай белгілі блогер, актер Мейіржан бірден қамалды. 

Автор
Новости партнеров